Еуроодақты есеңгіретіп, әлемнің алып елдерін шарпыған қаржы дағдарысына қарамастан, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын батыл қолға алып, шикізатқа негізделген экономикадан өнім өндіруші экономикаға көшуді мақсат тұтқан тәуелсіз Қазақ елі өндірісті әртараптандырудың алғашқы қадамдарын бастап кетті. Нақты нәтиже ретінде өткен жылдың өзінде ел экономикасының 7,5 пайызға өсуін, ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққанда 11 мың доллардан асуын айтуға болады. Мұның барлығы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтарды өркендетуге күш салуының нәтижесі. Оның ішінде ел дамуының локомотиві саналатын Атырау аймағының үлесі үлкен. Бейсенбі күні Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің алдында есеп берген облыс әкімі Бергей Рысқалиев өз баяндамасында мұнайлы өңірде атқарылған іргелі істермен қатар, 2012 жылғы жоспарлар және өңірдің ең өзекті мәселелері жөнінде баяндады.
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтың ҚР Премьер-министрі К.Қ.Мәсімов өткізген мәжілісте сөйлеген сөзі
«Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет».
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауынан.
Құрметті
Кәрім Қажымқанұлы!
Атырау облысының 2011 жылғы даму нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтіп, өзекті мәселелерді мейлінше кеңірек айтып өткелі отырмын.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылы 4,2 трлн. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 100,4%-ды құрады.
Тау-кен өндірісі бойынша 3919,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өндірілген өнімнің физикалық көлемінің индексі – 100,8%.
Мұнайдың 30,2 млн. тоннасы өндірілді. Немесе 2010 жылмен салыстырғанда 100,6% -ы өндірілді. Ілеспе мұнай-газдың 13,6 млрд. текше метрі өндірілді (100%).
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндіру көлемі 291 млрд. теңгені құрады.
Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері облыста жалпы құны 42,9 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске қосылып, 1639 жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 2011 жылы жалпы құны 11,4 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба іске қосылды. Мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Аймақтың экономикалық даму ерекшелігін ескере отырып, 2010-2011 жылдары мұнай-газ секторындағы жобаларға басымдық берілді. («КазТурбоРемонт» ЖШС–нің газтурбиналық құрал-жабдықтарға сервистік қызмет көрсету және жөндеу жүргізу зауыты; «Флоусерв» ЖШС-нің сорғы құрал-жабдықтарына жөндеу жүргізу зауыты; «Новус Силинг Каспиан» ЖШС-нің мұнай және газ өнеркәсібі үшін әртүрлі тығыздағыш төсемдер шығаратын кәсіпорны, «Қарашүңгіл» ЖШС-нің тік резервуарлар шығаратын цехы; «РауанНалко» ЖШС-нің мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагент өндіретін зауыты).
Аталған жобалармен бірге мұнай-газ секторының қажеттіліктерін қамтамасыз ететін құрылыс индустриясы саласында бірқатар жобалар іске қосылды. («Биас Тек» ЖШС-нің құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыты, «Констракшн КZ» ЖШС-нің тұрғын үй құрылысына арналған жеңілдетілген панель шығару зауыты, «ШевронМұнайГаз» компаниясының металпластикалық құбыр шығару зауыты; «Досжан және компания» ЖШС-нің қамыс-қылқанды плита даярлау зауыты).
Индустрияландыру картасына енген кәсіпорындардың өнімін өткізуде белгілі бір қиындықтар болды.
Аталған кәсіпорындардың жобалық қуатының артуы, олар өндірген өнімдердің өтімділігін арттыру үшін бүгінгі таңда облыс әкімдігі тарапынан өзіндік іс-шаралар қолға алынуда.
Оның үстіне Мемлекет басшысының соңғы тапсырмалары әкімдіктердің алдына ел экономикасын әртараптандыру міндетін қойып отыр. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жолындағы қадамдарына байланысты, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда жеңіл және фармацевтикалық өнеркәсіпке басымдық берілетін болады. Бұл бағытта үстіміздегі жылы шпагат және ыдыс-қап шығаратын, гипохлорит натрий өндіретін зауыттарды іске қосу жоспарланып отыр.
Жүзеге асырылып жатқан «Индустриялық мұнай-химиялық технопарк» АЭА жобасы аясында жеңіл және химиялық өнеркәсіп салаларында халықтық сұраныстағы тауарларды өндіретін кәсіпорындарды құру жоспарлануда. Бүгінде шағын кәсіпкерліктің 31 субъектісі өтінімдерін тапсырды. Барлығы 300-ден астам өндіріс орындарын ашу жоспарлануда.
Фармацевтикалық өнеркәсіп саласы да дамып келеді. «Брандо» ЖШС-нің бір реттік шприц шығаратын зауыты іске қосылды. 2011 жылы зауыт шприц өндіру аясын кеңейтіп, инфузиялық ерітінділерді құюға арналған жүйе мен бір реттік қолғап шығара бастады.
Аймақта мұнай-газ секторымен қатар, ауыл шаруашылығы да белсенді дамып келеді. Біз агрокешенді сектордағы кәсіпорындар жанынан инновациялық кластер құруды жоспарлап отырмыз. Мәселен, Қызылқоға ауданындағы мал шаруашылығы кешендерінің базасы негізінде малдың жүнін, терісін өңдейтін жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорын кластері құрылады. Осыған орай, былғары өнімдерін шығаратын түрік, италяндық өндірушілермен арада келіссөздер жүргізілуде.
Қойылған міндеттердің маңыздылығын ескере отырып, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне индустрияландыру картасына инвестициялық жобаларды іріктеу талаптарын анықтауды, өндіріс күшін енгізу арқылы әр аймақтың даму ерекшелігін анықтауды тапсыруды сұраймыз.
Өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2010 жылмен салыстырғанда 11,3%-ға өсіп, 27 662 бірлікті құрады. Жұмысшылар саны – 88 мың адам.
Шағын және орта кәсіпкерліктің шаруашылық субъектілері 414 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, жұмысы мен қызметін көрсетті. Немесе бұл көрсеткіш 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,7 пайызға артты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі «Болашақ» жобасындағы жұмыстың аяқталуына байланысты 1 трлн. 60 млрд. теңгені құрады. (немесе 2010 жылғы көрсеткіштің 92,7%-ы).
Атырау облысының 2011 жылғы сыртқы сауда айналымы 25,2 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Тиісінше көрсеткіш 16,5 %-ға артты. Соның ішінде экспорт – 23,7 млрд. АҚШ долларын (15%-ға артты), импорт – 1,5 млрд. АҚШ долларын (149%-ға артты) құрап отыр.
Тұтынушы бағасының индексі 107,1 % пайыз. Бұл республикалық деңгейден төмен. (азық-түлік тауарына – 107,3, азық-түлік емес тауарға – 108 %, ақылы қызметке – 105,9).
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін салымдар және өзге де міндетті төлемдер негізінде бюджетке 495 млрд. теңге жиналды. Немесе болжанған соманың 102,6%-ы жиналды. Соның ішінде республикалық бюджетке – 381 млрд. теңге (103,7%), жергілікті бюджетке 113,8 млрд. теңге (99,2%).
Берешек 15,3 млрд. теңгені құрап, көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 8 млрд. теңгеге өсті. (салықтық тексеру актілеріндегі есептелінгенге дейінгі берешектің өсуіне және камералды бақылау аясындағы жалған кәсіпорындардағы контрагенттер өтеуінің нәтижесіндегі берешектің өсуімен байланысты).
Жұмыссыздық деңгейі өткен жылы 0,6 %-ды құрады.
Жұмыспен қамту қызметі арқылы 10 717 адам жұмысқа тұрды. Жаңа өндіріс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа әлеуметтік нысандарды іске қосу жұмыстарының нәтижесінде 15 530 жаңа жұмыс орны ашылды.
Орташа айлық жалақы 2011 жылғы қаңтар-қараша айларына 164 056 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2010 жылғы аналогтік кезеңнен 13 %-ға жоғары.
Жалпы алғанда кәсіпорындардың уақытында жалақы төлеу жағдайы тұрақты.
Облыс бойынша үш кәсіпорынның жалақы бойынша берешегі 44 млн. теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта аталған берешекті сот процесі арқылы өндіру шаралары жүргізіліп жатыр.
2011 жылы облыста денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері жақсарды.
Сонымен, туу 2%-ға артты (27,9 - 28,5), өлім (1000 адамға шаққанда) 6,5%-ға төмендеді (7,6-7,1), тұрғындардың табиғи жолмен өсуі 5,4- ға (20,3-21,4), сәби өлімі 3%-ға төмендеді (16,9-16,4 ), ана өлімі 72%-ға төмендеді (22,7-6,4), 100 мың адамға шаққандағы туберкулезбен ауыру 6,9%-ға төмендеді (115,7-107,7).
Өткен жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 7 денсаулық сақтау нысандары салынды. (5 аудандық емхана, 1 қалалық емхана және 1 ауданаралық өкпе аурулары ауруханасы).
Білім саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 7 мектеп салынды. Бүгінгі таңда облыста педагог кадрлармен толықтай қамтылған 203 мектеп бар.
Бұдан басқа өткен жылы республикалық бюджет есебінен тағы 5 мектептің құрылысы басталды. Бұл мектептердің іске қосылуының нәтижесінде үш ауысымды оқу толықтай жойылады, апатты жағдайдағы мектептердің саны азаяды.
Облыста «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде 26 мың бала тәрбиеленіп жатқан 443 мектепке дейінгі нысан жұмыс істеп тұр. Мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 81,3%-ды құрап отыр.
Қазіргі уақытта тағы 7 балалар бақшасының құрылысы жүруде. Аталған құрылыс нысандары мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткішін 90 %-ға дейін қамтуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа байланысты айтар болсақ, 2011 жылы аумағы 7,5 мың шаршы метр арендалық (коммуналдық) баспана салынды. ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкі жүйесі арқылы аумағы 8 шаршы метр несиелік тұрғын үй құрылысы басталды.
Өткен жылы қайтадан тұрғызылған тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық жүйе жүргізу үшін ұзындығы 46,2 шақырым жүйе енгізілді.
2011 жылы Атырау облысында облыс, қала, аудандық маңызға ие 200 шақырым автомобиль жолдары қайта жаңғыртылып, толық жөндеуден өтті. 2009 жылы басталған облыстық маңызға ие «Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» автомобиль жолдарының 51 шақырымы қайта жаңғыртылды. Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылына кірме жолға күрделі жөндеу жүргізу жұмысы басталды.
Мақат және Индербор, Махамбет, Аққыстау, Тұщықұдық, Ганюшкин, Мұқыр селоларындағы жалпы аумағы 83,0 мың шаршы метр селоаралық жолдар мен Құлсары қаласындағы жалпы аумағы 185,0 мың шаршы метр қалааралық жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жұмысы аяқталды. Бұдан басқа облыстық маңызға ие Исатай, Құрманғазы, Мақат аудандарының жалпы аумағы 179,8 мың шаршы метр селоларға кірме жолдары күрделі жөндеуден өтті.
Атырау қаласында жалпы ұзындығы 75,6 шақырым автомобиль жолдарын, аулаішілік жолдарды, тротуарларды салу, қайта жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары 4,8 млрд. теңгеге жасалды.
Ауыл шаруашылығы саласына байланысты, Атырау облысының қауіпті жер аймағы саналатынына қарамастан, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2011 жылдың қорытындысымен 31,8 млрд. теңгені құрады. Көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 12%-ға артты.
Мал шаруашылығы бойынша: мүйізді ірі қара мал басы 0,4%-ға, қой мен ешкі 0,4%-ға, жылқы 3,6%-ға өсті. 48 мың тонна (102,2%) ет (тірі салмақта) өндірілді, сүт (сиыр) – 55,2 мың тонна (101,8%), жұмыртқа – 1857 мың дана (101,1%).
2011 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы егістік көлемі 6,3 мың га-ға жетті. Оның ішінде тамшылатып суару әдісімен және басқа да жаңа технологияларды қолданып, суару 205 га-ға ұлғайып, 451 га жерді құрады.
Облыс әкімдігімен облыстың АӨК-ін дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы мен іс-шаралар жоспары бекітілді және оны белсенді түрде жүзеге асыру жұмысы басталды.
Осылайша азық-түлік белдеуін жасақтау шеңберінде Атырау қаласы маңында жергілікті бюджет есебінен 1 га жылыжай және 10 200 тонналық көкөніс қоймасы, 1820 тонналық жеміс-көкөніс қоймасы, 1300 бас мүйізді ірі қараға есептелген бордақылау алаңы, 40,0 мың бас құсқа есептелген құс фабрикасы және басқа құрылыстар жобасының бірінші және екінші кезеңдері жүзеге асырылды.
Барлығы өткен жылы жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылды. Бұдан басқа сүт зауыты, коммуналды рынок және қойма орындарымен бірге 2000 тонна өнім сақталатын кешен («Атырау ӘКК «ҰК» АҚ), 5,330 тонналық көкөніс қоймасы («Орда ЖШС»), құс фабрикасы («Атырау-Сауда ЖШС») және басқа құрылыстар бойынша жобалар жүзеге асырылу сатысында тұр.
2012 жылы барлығы 3,8 млрд. теңге сомаға есептелген 22 ауыл шаруашылығы жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Тұтастай алғанда, облыста қазіргі уақытта сыйымдылығы 23 мың тонналық 27 көкөніс қоймасы, жалпы ауданы 5,9 гектар 16 жылыжай жұмыс жасауда.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде селодағы кәсіпкерлікті қолдау үшін «Атырау ӘКК «ҰК» АҚ арқылы шағын несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 212,0 млн. теңге қаражат бөлінді. 107 несиегер несие қаржы алды.
2012 жылға 283,4 млн. теңге қаражат бөлінді.
Облыс әкімдігі, сондай-ақ, үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы жобаларын шағын несиелеуге қосымша қаржы бөледі.
2011 жылдың қорытындысы бойынша менің айтарым осы.
Енді облыстың проблемалық мәселелеріне қарай көшкім келеді.
Бірінші мәселе. Мұнай-газ саласы кәсіпорындарындағы жағдайға қатысты.
Атырау облысының аумағында 2 ірі жоба – Теңіз және Солтүстік Каспий жобалары жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұтастай алғанда тұрақты. Ұдайы бақылауда ұсталуда.
Соның өзінде алынған шараларға қарамастан шетелдік компаниялардағы қазақстандық жұмыскерлердің арасында жалақының төменгі деңгейімен, қазақстандық персоналға қатысты еңбекақы төлеудегі кемсітушілікке, еңбек келісім-шарттарының бұзылуына жеткіліксіз әлеуметтік тұрмыстық қамту және т.б. байланысты даулы мәселелердің туындау жағдайлары орын алды.
2011 жылы мұндай фактілердің саны 30-дан асса, үстіміздегі жылы да ол (соның ішінде ТШО-да) жалғасуда.
Бұл материалдар ҚР Премьер-министрінің Кеңсесіне берілді.
Анықтама:
2011 жылы әлеуметтік жағдайлардың асқыну фактілері бірқатар мердігер ұйымдарда орын алды:
1) Аджип ҚКО («МұнайГазҚұрылыс» ЖШС-і, «Sepam» компаниясы (Ирландия), «СиСиИПиС» компаниясы, «Мейр» ЖШС-і, «Бейтман» компаниясы, «Кейп» компаниясы, «М-Сервис» ЖШС-і, «Ерсай» компаниясы, «Монтажсервис» ЖШС-і, «ССТ» ЖШС-і, «Хемимонтаж» ЖШС-і, «Болашақ-Атырау» компаниясы, «Шындар» ЖШС-і, «Легал Эксперт Тим» ЖШС-і (ҚР), «Яманлар» компаниясы (Түркия), «Мар-Мар Құрылыс» ЖШС-і, «Кейфер» (Германия), «Сана-Билд Ко» ЖШС-і, «Арсер Строй» ЖШС-і, «Адани» ЖШС-і, «Бонатти» ЖШС-і (Италия), «Групп 4», «KSB Групп», «Бермут Атырау» компаниясы).
2) ТШО («Денхолм Жолдас» ЖШС-і, «Юрест Супорт Сервисез» ЖШС-і, «Теңізмұнайқұрылыс» ЖШС-і, «Қарашүңгіл» ЖШС-і).
Осындай өрескел жағдайлар ТШО мен Аджип ҚКО-ның барлық негізгі мердігер ұйымдарында пайда болды.
Бұдан бөлек шетелдік компаниялардағы қазақстандық персоналдың құқығына нұқсан келтіру фактілері орын алды.
Аджип ҚКО-ның мердігер фирмасы болып табылатын «Тоцци» (Tozzi, Италия) компаниясының еңбек ұжымында «Д» жасанды аралындағы электромонтаждау және механикалық жұмыстарды орындау барысында компанияның басшылық құрамы тарапынан қазақстандық жұмысшыларға кемсітушілік көзқарас танытылып, жүйелі түрде балағат сөздер айту арқылы жұмысшылардың өз еңбек міндеттемелерін орындауына қайшы келетін жағдайларды (арнаулы киімдерді бермеу, тиісті емес жұмыстарға арнаулы рұқсат болуын талап ету және т.б.) туындатып, жанжалдың шығуына себепші болған. Осыған ұқсас жағдай «Тойес» компаниясында (сервистік қызмет көрсету жөніндегі «Гате Иншаат» түрік компаниясының мердігері) орын алған, нәтижесінде бұл жағдай қазақстандық персоналдың басшылық тарапынан жасалынған заңсыз әрекеттеріне қатысты прокуратура органдарына шағымдануына негіз болды.
Маңғыстау облысындағы Аджип ҚКО («Сайпем» (Италия) және «КЕЛЛОГ БРАУН энд РУТ ИНТЕРНЭШНЛ» (Ұлыбритания)) компанияларының мердігер ұйымдарындағы ереуілге шыққан мұнайшылардың наразылық акциясы тойтарылды.
ТШО және Аджип ҚКО компанияларындағы тең лауазымдарда тұрған қазақстандық және шетелдік жұмыскерлердің еңбекақыларының арасындағы айырмашылық (жекелеген жағдайларда ол 10 еселенген мөлшерде шетелдік маманның пайдасына шешіліп жүр) мәселесі заңды тұрғыда шешуді талап етеді (мысалға, қазақстандық персонал үшін құрылыс-монтаж жұмыстарының қызмет құны сағатына 17-ден 44 АҚШ долларын құраса, шетелдік (Еуропа елдерінен) персонал үшін – 100-150 еуроға дейін төленеді. Осы жерде атап өтерім, қазақстандық персонал өз қызметін негізінен отандық компаниялар мен фирмалардың қосалқы мердігер ұйымдарында атқарады, сол үшін де сағатына 1-ден 7 АҚШ долларына дейін еңбекақы алады. Бір қызметкердің есебіндегі кірістің басым бөлігі негізгі шетелдік мердігер компаниялардың («Сайпем», «Бонатти», «СС-ЕРС», «ГАТЕ», «Тоцци», «РСН-Казстрой») есепшоттарына шоғырландырылады.
Осыған байланысты, жұмыс берушілерге бірдей лауазым мен біліктілікке ие қазақстандық және шетелдік мамандардың еңбек жағдайларының және еңбекақыларының теңестірілуін қамтамасыз ету және бұл шешімнің мүлтіксіз орындалуы жөнінде қатаң талаптың қойылуын заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынамыз.
Бұдан басқа ТШО компаниясында шетелдік жұмысшы күшін өкілетті органдардың рұқсатынсыз пайдалану фактілері (жыл сайын алыс және жақын шет елдерден 300-дей маман тиісті құжатының болмауы салдарынан жауапкершілікке тартылады) орын алған. Атап көрсетіліп отырған жағдай бірнеше мәрте бақылаушы құрылымдар тарапынан қарсылық білдірілуіне себепші болды. Өз кезегінде ТШО компаниясы өкілдері мұны шетелдік әріптестерімен қазақстандық тараптың арасындағы өзара қарым-қатынас нормаларын бекіткен 1993 жылдың 2 сәуірінде қол қойылған Теңіз жобасы жөніндегі Келісім ережелерімен негіздеуге тырысады.
Осыған орай ТШО-ның позициясын ҚР еңбек және көші-қон заңнамасының нормалары негізінде ресми түрде құқықтық тұрғыдан бағалау қажет.
Осымен байланысты Әділет министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Мұнай-газ министрлігіне тиісті тапсырма беруді сұраймыз.
Бұдан бөлек әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуына ықпал етуші маңызды аспектілердің қатарында бұрынғысынша «Болашақ» зауытының алаңдарындағы жалпықұрылыс жұмыстарының аяқталуымен байланысты жұмысшылардың жаппай қысқартылуын атауға болар еді.
Осылайша, 2010-2011 жылдары 20 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраса, үстіміздегі жылдың соңына дейін Теңіз және Қашаған жобаларынан тағы да 11 мыңдай адам қысқартылады деп күтілуде, олардың да басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болып табылады. Осынша адамды жұмыспен қамту бүгіндері сын көтермес мәселеге айналып отыр.
Облыс әкімдігі бұл мәселенің жаңа жобаларды жүзеге асыру (соның ішінде инфрақұрылымдылық) жолымен шешілетініне сеніммен қарайды. Осымен байланысты Кәрім Кажымқанұлы, төмендегі жобаларға қосымша қаражат бөлу мәселесін қолдауыңызды сұраймын:
1) жалға берілетін тұрғын үй құрылысы (1,5 млрд. теңге) және сәйкесті инженерлік-коммуникациялық құрылымдар (3,5 млрд. теңге),
2) Индер ауданы орталығындағы кәріздік-тазарту қондырғылары құрылысы, сондай-ақ 2013 жылға жоспарланған Махамбет (360 млн. теңге), Жылыой (396 млн.теңге), Құрманғазы (1.7 млрд. теңге) және Қызылқоға (1 млрд. теңге) аудандарындағы автожолдарды күрделі жөндеуді және реконструкциялауды қаржыландыруды осы жылға ауыстыру.
Аталған жобалардың жүзеге асырылуы тек сол аудандар тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге мұнай жобаларынан босатылған мұнайшы кадрларын жоғарыдағы жобаларға тартуға мүмкіндік береді.
Осы мазмұндағы хат Сіздің адресіңізге жолданды. Бюджеттік өтінімдер белгіленген тәртіп бойынша жауапты мемлекеттік органдар арқылы Қаржы министрлігіне ұсынылды.
Кәрім Қажымқанұлы, Қаржы министрлігіне және Экономика министрлігіне ұсынылып отырған жобаларды республикалық бюджеттік комиссиясының таяу арадағы мәжілісіне шығаруға тапсырма беруіңізді және осы жобаларды қолдауыңызды сұраймын.
Бұдан басқа шетелдік компаниялардың қызметіне байланысты жоғарыда мен атап көрсеткен проблемалық мәселелерді кешенді және тиімді шешу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларынан құрылған Жұмысшы тобын жасақтап және олардың атап көрсетілген проблемаларын шешу жөнінде шаралар алу үшін жергілікті жерге жіберілуін міндеттеген тапсырма беруіңізді сұраймын. Біз солармен бірге осы мәселелерді шешетін боламыз.
Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты бірдейге жақын климаттық және өндірістік жағдайларда жұмыс істеп жатқан Маңғыстау мен Атырау облыстары мұнайшыларының еңбекақылары арасындағы айырмашылық мәселесі өткір тұрғаны белгілі. Сондықтан да, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиісінше тапсырма беруіңізді өтінемін.
Сондай-ақ, негізгі мәселелердің бірі, Кәрім Қажымқанұлы, Жылыой, Исатай, Мақат аудандарында орын алған жағдайлар болып саналады.
«ҚазМұнайГазбен» жер қойнауын пайдалану Шартына сәйкес, әлеуметтік дамуға қаржы бөлінеді, бірақ оларды көбейту керек, әсіресе, мұнайлы елді мекендерде.
Осы мақсатқа ҚазМұнайГаз тарапынан жыл сайын қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесін қарауды сұраймыз.
Аймақтың әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму қарқынының әлдеқайда жаңарып келе жатқанына қарамастан мұнайлы қалалар мен ауылдарда проблемалар әлі де бар. Атап айтқанда, ол, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жетіспеушілігі, қажетті медициналық мекемелермен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде мәдениет ошақтарының болмауы.
Жүзеге асырушы жобалардың саны көп екенін ескере отырып, Атырау облысының әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларына бөлінетін қаржы көлемін көбейту қажет.
Айта кетерлігі, маған және Парламент Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттарына азаматтардан, мұнайшылар мен интеллигенция өкілдерінен Құлсары қаласын, Мақат және Аққыстау поселкелерін (бұл мұнай өндіріліп жатқан елді мекендер) ҚР Президентінің соңғы Жолдауындағы шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енгізу туралы ұжымдық арыздар келуде.
Басты талабы – ол инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлу және арнайы Үкіметтік бағдарлама қабылдау. Бұл мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, алайда, оның шешімі тек үкіметтік деңгейде ғана мүмкін болмақ.
Жоғарыда аталған проблемалық мәселелердің шешімі сәйкесті министрліктер тарапынан үйлестіруді қажет етеді, себебі, облыс әкімдігінің құзыреті ол үшін әр уақытта да жеткілікті емес. Сол себепті, сәйкесті қаржы бөле отырып, жоғарыда аталған елді мекендер бойынша арнайы даму бағдарламасын дайындауға тапсырма беруді немесе шағын қалаларды дамыту жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаға енгізуді сұраймыз.
Кәрім Қажымқанұлы, жекелеп айта кететін жағдай, облыстық құқық қорғау органдарын қосымша материалдық-техникалық құралдармен (арнайы техника, арнайы құралдар мен киімдер) қамтамасыз ету қажеттігін айта кеткім келеді.
Осыған сәйкесті тапсырма беруіңізді сұраймыз.
Екінші мәселе балық шаруашылығында орын алған жағдайға байланысты.
Бүгінгі күні балық шаруашылығының ең басты проблемасы балық аулауды реттейтін нормативтік актінің жоқтығы болып отыр.
2010 жылы «Хайуанаттар әлемін қорғау, ұдайы өндіру және пайдалану туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізіліп, соған сәйкес көктемгі мезгілде балық аулауға тыйым салынды. Бұл өткен жылы облыс балықшыларының әлеуметтік жағдайына өте жағымсыз әсер етті.
Бүгінгі күні аталған Заңға осы проблеманы шешетіндей түзетулер енгізілді, алайда, қазіргі күнге дейін балық аулаудың мезгілі мен орнын реттейтін, сонымен қатар, хайуанаттар әлемі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салу тәртібін белгілеу заңнамалық актілері (үкімет қаулысы) қабылданған жоқ.
Осындай мазмұндағы хатты мен өзіңіздің адресіңізге өткен аптада жібердім.
Осыған байланысты, Үкімет қаулысының тездетіп қабылдануына ықпал етуіңізді сұраймын.
Үшінші мәселе Жайық өзені сағасында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, облыстың аудандарын ауыл шаруашылығы мұқтаждарына сәйкес сумен қамтамасыз ету қажеттігіне қатысты.
Балық ресурстарының ұдайы өндірісі үшін жағымды жағдай туғызу мақсатында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы Комитетімен 38-ші бюджеттік бағдарлама бойынша Жайық және Қиғаш өзендерінің балық жүретін каналдарының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.
Түбін тереңдету жұмыстарының жыл сайынғы қаржыландыру көлемі 300 млн. теңгені құрайды.
Бұл жұмыстар Жайық өзенінде 8 канал балық жүруінің және Қиғаш сағасында 3 каналдың су ағысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Оған қоса, 2011 жылы Қиғаш өзенінің 5 каналында барлық сомасы 6,15 млрд. теңгенің жұмысы басталды, оны 2013 жылы аяқтау жоспарланған.
Солай бола тұра, алдағы 3 жылда Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарында Жайық өзені бойынша жұмыстар қарастырылмаған, ал ол бағалы балықтардың, соның ішінде құрып кету қаупі бар бекіре тұқымдас балықтардың табиғи ұдайы өсімінің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы мәселені қарап және Жайық өзенінің тармақтарында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуге жыл сайын қаржыландыруды қарастыруына тапсырма беруіңізді сұраймын.
Сонымен қатар, өңірдегі өткір проблемалардың бірі – суару-суландыру жүйесі мен гидротехникалық қондырғылардың жағдайы.
Суару-суландыру жүйесін және гидротехникалық қондырғылардың (канал, шлюз, жүзбелі насос станциялары, т.б.) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, оларды толықтай жаңарту және жаңғырту керек.
Қазіргі жүзбелі насос станциялары өткен ғасырдың 60-шы жылдарында пайдалануға берілген, олар тозығы жетіп, моральды ескіргендігіне орай жөндеуге келмейді. Осыған байланысты, халыққа және жайылымдарға, суармалы жерлерге су беруді тоқтатпау үшін аталған қондырғыларды шұғыл жаңарту мәселесі тұр. Құны 680 млн. теңге болатын 13 насос станциясын ауыстыру қажет.
Осы мақсатқа Ауыл шаруашылығы министрлігі 2012-2014 жылдардың бюджетіне 2,9 млрд. теңге бөлуді қарастыруы қажет.
Әкімдіктің ауыл шаруашылығы министрлігіне бірнеше мәрте айтқанына қарамастан аталған мәселе бүгінгі күнге дейін шешілмей отыр.
Кәрім Қажымқанұлы, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігіне сәйкесті тапсырма беруіңізді сұраймын.
Төртінші мәселе Ескене және Байшонас поселкелерінің халқын көшіруге байланысты.
Жоғарыда көрсетілген елді мекендерге жақын маңда мұнай операцияларын жүргізуге байланысты тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мәселесі өткір тұр.
Барлығы 444 үйді көшіру қажет, онда 612 отбасы (немесе 2400 адам) тұрып жатыр.
Көшіру жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті мөлшерлі сома 2,5 млрд. теңгені құрайды.
Жер қойнауын пайдаланушыларға («ҚазМұнайГаз» АҚ және Аджип ҚКО) бірнеше рет айтылғанына қарамастан, бұл мәселе әлі күнге шешілмей отыр, ал ол халықтың ренішін туғызуда.
Соған байланысты, ҚазМұнайГазға және Мұнай және газ министрлігіне аталған мәселені шешуді тездету жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймын.
Соңғы мәселе негізінен Теңіз, Солтүстік Каспий және басқа да мұнайгаз жобаларындағы қазақстандық мазмұнды дамытуға қатысты.
Қазақстандық мазмұнды дамытудағы әкімдіктің шараларына қарамастан, негізгі жер қойнауын пайдаланушылармен қазақстандық тауарларды, жұмысты және қызметті сатып алу әлі күнге төмен деңгейде қалып келеді.
Мәселен, НКОК компаниясы соңғы екі жылда қазақстандық мазмұнға жататын тауарлар бойынша 13 рет кемітті (2010 жылы 26%-дан 2011 жылы 2%-ға дейін), ал жұмыстар бойынша екі еседей (2010 жылы 73%-дан 2011 жылы 55%-ға дейін).
ТШО компаниясы тауар сатып алуды бар болғаны 2,5%-ға өсірді (2010 жылы 1,5%-дан 2011 жылы 4-ға%), сөйтіп, тауар сатып алудың жалпы көлемі екі есеге төмендеді (110 млрд. теңгеден 51 млрд. теңгеге дейін).
ТШО жұмыс пен қызметті сатып алу бойынша соңғы екі жылда қазақстандық мазмұн көлемінің үлесін болар-болмас қана үлкейтіп отыр, ол 70-73%-ды құрайды.
Айта кетерлігі, облыс әкімдігі жер қойнауын пайдаланушылардың мониторингі бойынша өкілеттікке ие бола алмауы жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауар, жұмыс, қызмет көрсетуде қазақстандық мазмұнды дамыту процесіне ықпал етпек түгілі, олардан толық және нақты ақпарат алуға мүмкіндігі жоқ. Ал ол аймақта кәсіпкерлікті дамыту факторына кесел келтіреді, өйткені, қажетті тауар, жұмыс, қызмет көрсету саласын дамыту қабілетін анықтауға мүмкіндік бермейді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жүйе құраушы кәсіпорындарда қазақстандық мазмұнға мониторинг жүргізеді. Дегенмен, жер қойнауын пайдаланушы статусына ие ТШО, НКОК секілді компаниялар мұнымен қоса жүйе құраушы кәсіпорындар болып табылады.
Осыған орай, жер қойнауын пайдаланушылар мен қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша жұмысты әкімдіктермен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асыру қажет және қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу қажет деп пайымдаймыз.
Осыған сәйкесті тапсырма беруіңізді сұраймын.
Астана қаласы. 16 ақпан, 2012 жыл.












