Опрос
Инфрақұрылымдық өзгерістерге (әлеуметтік нысандар, көпір, жол құрылысы) қалай қарайсыз?
Жаңалыққа жазылу

Облыстың жаңалықтары
16 02 2012 04:26
АЛҒЫ КЕЗЕКТЕ – АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Елбасының халыққа арнаған кезекті Жолдауын жұртшылық арасында насихаттау мақсатында іссапарға шыққан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов кеше, облыстық ауруханада болып, денсаулық сақшыларымен жүздесті.

Кездесуді бас дәрігер Айбек Ғабдуллин ашып, сөз кезегін мәжіліскерге жолдады. Әңгімесін келген сапарының негізгі мақсатымен таныстырудан бастаған халық қалаулысы әуелі «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталған Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып өтті.

-Мұндағы басты ерекшелік, - деп түйіндеді сөзін Камал Низамұлы. – Бірінші кезекте еліміздің экономикасын ілгерілету арқылы әрбір отандасымыздың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсарту, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру, қоғамдық белсенділігі мен әлеуетін арттыру, денсаулығын түзеп, білімін жетілдіруіне, отбасындағы тәрбие діңгегінің мықты болуына, жастардың қажетті мамандықтарды таңдап, пайдалы іспен, табысты кәсіппен шұғылдануына септесу, сондай-ақ, әрбір азаматтың жұмыспен, қолжетімді баспанамен қамтылуын қамтамасыз етудің жолдарын іздестіру, осы бағыттарда нақты бағдарлама-жоспарлар жасақтап, олардың жүйелі жүзеге асырылуына ұдайы көңіл бөлу болып табылады.

Мәжіліс депутаты одан әрі Жолдауда басымдық берілген бағыттар мен белгіленген міндеттердің әрқайсысына - жеке тоқталып, тұжырымды түсініктер берді. Қойылған сауалдарға мазмұнды да тұщымды жауаптар қайтарды. Жүздесу барысындағы әсерлі де, мазмұнды әңгімесі үшін ұжым басшысы оған барша әріптестері атынан ризашылығын білдірді.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Басқарманы таңдау