Облыстың жаңалықтары
18 02 2012 06:04
ХАБАРЛАМА
Облыс әкімі Б.С.Рысқалиевтың «Атырау облысының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» облыс тұрғындары алдындағы есепті кездесуі 2012 жылдың 22 ақпанында сағат 11.00-де «Атырау» мәдениет кешенінде өтеді.
Сонымен қатар, тұрғындардың облыс әкіміне қояр сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері болған жағдайда «Дина», «Насиха» сауда орындарында, Теміржол вокзалы, облыстық Әділет департаменті және халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында облыс әкімдігінің арнайы жәшіктері орнатылғандығын қаперлеріңізге береміз.
Облыс әкімінің аппараты












